Қазақстан Халық банкі «Halyk Group»
қаржылық тобының сайтына қош келдіңіздер!
русская версия | english version

Соntact Center
+7 (727) 259-07-77
      (Для Алматы)
       8 (8000)8000-59
       (Бесплатный звонок по Казахстану)

телефоны и адреса
— форма обратной связи

Миссиясы

Сақтап, көбейте біл!

Біз еліміздің бүкіл аумағы бойынша банк, зейнетақы, сақтандыру, лизинг, т.б. салада халықаралық стандарт деңгейіне сай келетін қызмет түрлерін ұсынамыз.

Біз халықтың барлық топтағы санатымен, меншік нысаны әр түрлі кәсіпорын-ұйымдардың барлығымен және мемлекеттік мекемелермен қай-қайсымен де ынтымақтаса жұмыс істейміз.

Біз клиенттер мен акционерлердің қаражатын сақтап қана қоймай, қаржының тиімді жұмсалуын және көбейтілуін қамтамасыз етеміз. 

«Halyk Group» құндылықтары

Клиентке бағдарланған қызмет: Клиенттеріміздің жетістігі — бұл біздің де табысымыз. Біз өз клиенттеріміздің қажеттілігі мен мұқтаждығын барынша түсінуге тырысамыз және олардың өз мақсаттарына қол жеткізу, тіпті одан асып түсу үшін неғұрлым тиімді шешім қабылдауына ұсыныс ретінде өз ресурстарымызды аянбай пайдалануға міндеттенеміз.

Сенімділік: Біз жалпылама танылған әрі мойындалған халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ «Halyk Group» қаржылық тобы өз бизнесін жүргізетін басқа елдердің де ішкі заңдары мен ережелерін мүлтіксіз орындаймыз. Біз қашан да, қай жерде болсын, барлық қызмет саласында адал әрі мінсіз бизнеспен айналысуға ұмтыламыз. Корпоративтік басқару тәсілінде біз еуропалық стандарттарды басшылыққа аламыз және «Халық» тобының қызметінде акционерлер мен клиенттер, іскерлік серіктестер мен мемлекеттік билік органдары, қызметкерлер үшін барынша ашық әрі бүркемесіз саясат қағидатын қатаң ұстанамыз. Сенімділік — біз үшін «Халық» тобының іскерлік беделін сақтап қалудың ең басты әрі маңызды факторы болып табылатын құнды актив.

Көш бастаушылық: Біз өзіміз қатысып отырған нарық сегменттерінің барлығында клиенттерге қызмет көрсетуде көш бастауға ұмтыламыз. Біздің барлық деңгейдегі басшыларымыз іске деген шынайы құлшыныс, қажырлылық, іскерлік қасиеттер үлгісін таныта біледі, «Халық» тобының миссиясын орындауды ұйымдастыруға бағыт беріп отырады, инновацияларды қолдайды.

Әлеуметтік жауапкершілік: «Халық» қаржылық тобы өз қызметінде ұстанатын негізгі қағидаттың бірі — халықтың барлық тобының мұқтаждығы мен мүддесін көздеу. Біз қоғам дамуы мен әлеуметтік мәселелер шешіміне өз үлесімізді қосуға әрі корпоративтік жауапкершілік сезімі жоғары азамат болуға ұмтыламыз.

Әділдік: Өз әріптестерімізбен және серіктестерімізбен қарым-қатынасты біз өзара көмек, сыйластық, ынтымақтастық, сенімділік әрі корпоративтік бірлестік рухы қағидаттарына сүйене отырып құрамыз. «Халық» тобының өз ішінде тиімді командалық жұмысты қолдаймыз, еркін ой-пікір білдіруге талпынысты, білім мен тәжірибе алмасуды барынша құптаймыз. Қызметкерлеріміздің кәсіптік деңгейінің үнемі арттырылып отыруын, әлеуметтік тұрғыдан уәждемелі қорғалуын қамтамасыз етеміз. Жекелеген қызметкердің еңбегін тану және бағалау, сыйақымен марапаттау, қызмет баспалдағымен өсіру рәсімдері біздің қаржылық топта әділдік қағидатына негізделеген және әр қызметкердің «Халық» тобының табысына қосатын өз үлесінің нәтижесімен бағаланады.

Кәсіпқойлық: Біз жоғары кәсіпқойлық қызмет стандарттарына қол жеткізуге ұмтыламыз, біз жаңа идеялар мен инновацияларды қарастыру үшін қашан да әзірміз, табандылықпен әрі бірізділікпен дәйекті әрекет етеміз. Клиентке қызмет көрсетуді адал ниетпен, және жоғары талаппен уақытылы іске асырамыз, бұл біздің клиенттермен тұрақты әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынас құруымызды қамтамасыз етеді.

 

 

© 2007–2010 Halyk Group. Барлық құқықтар қорғалған