Қазақстан Халық банкі «Halyk Group»
қаржылық тобының сайтына қош келдіңіздер!
русская версия | english version

Соntact Center
+7 (727) 259-07-77
      (Для Алматы)
       8 (8000)8000-59
       (Бесплатный звонок по Казахстану)

телефоны и адреса
— форма обратной связи

Топ туралы

Қазақстан Халық банкінің Halyk Group қаржы тобы бөлшектеп сату, корпоративті секторлары мен шағын және орташа бизнес секторында қызметтердің кең түрлерін ұсынатын (банктік қызметтер, зейнетақы қорының қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару) әмбебап өңірлік қаржы тобы болып табылады. Halyk Group қаржы нарығының барлық сараланымында жұмыс атқара отырып, барлық секторлардағы теңгерімді өсуге бағытталған.

Қазақстан Халық банкінің еншілес компаниялары — Halyk Group қатысушылары:

«Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (зейнетақы қорының қызметтері)

Қор салымшылардың тиімді инвестициялаудың және кіріс пен тәуекелділік арасындағы теңгерімді дұрыс сақтаудың есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының өсуі мен сақталуын қамтамасыз етеді.
Зейнетақы қызметтері нарығының көш бастаушысы болып табылатын Қор 2010 жылы жинақтау зейнетақы жүйесіндегі қызметтер нарығы үлесінің 30% артығын қамтиды. 2010 жылғы 1 мамырына Қордың активтері 610 млрд. теңгеден асты. Қордың көш бастауының негізі — кәсіби команда, салымшылардың сенімі, серіктестік, ресурстар және ұзақ мерзімді стратегия. Қазақстан Республикасындағы ірі жинақтаушы зейнетақы қорының табысты базисі — құзырлықта, шындықта, тиімді инвестициялық саясатта, қызмет көрсету сапасын әрдайым көтеруде.

Салымшыларға (және зейнетақы алатындарға) жоғары сапалы қызметтер көрсететін филиалдардың, аумақтық кеңселердің, қызмет көрсету орталықтарының және сервистік қызмет көрсететін орындардың желісі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтиды. Қордың адамдарға жақынсаясаты және клиентке ерекше көңіл бөлуі салымшыларға шегерімдер және жеңілдіктер түріндегі қосымша қызметтер алуға мүмкіндік береді.

Қор отандық және халықаралық ұйымдардың тарапынан бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болды. Тек соңғы жылдардың ішінде Қорға: VII Евразиялық Бизнес Саммитінде (Эвиан қ. — Франция; Женева — Швейцария) «Елдің экономикасына қосқан үлестері үшін» деген жоғары платиналық марапаты және Қазақстандық тұтынушылардың Ұлттық лигасының «Мінсіз» деген сапаның халықтық белгісі сертификаты берілді. 2009 жылдың желтоқсан айында Қор «Онжылдықтың ең күшті зейнетақы қоры» деген қазақстандық марапатына ие болды.

«Халық- Казахинстрах» АҚ (сатандыру қызметі)

«Қазақстан Халық Банкінің „Халық-Казахинстрах“ еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ («Казахинстрах» АҚ) — «Halyk Group» қаржы тобының құрамына кіретін және отандық сақтандыру қызметі нарығындағы қырықтан астам компаниялардың арасында алдыңғы қатарда орын алып отырған табысты қазақстандық сақтандыру компаниясы.

Біздің компанияның көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар және оны сақтандыру өнімдері мен қызметтерінің кең түрлерін ұсына отырып клиенттеріміздің мүдделеріне белсенді түрде қолданады. «Казахинстрах» АҚ өзінің жетістіктері мен жаңа шыңдарды бағындыруды әрдайым ұстанып тұруға бағытталған, сондықтан да біз қол жеткізген табыстарға тоқталмай одан да биік белестерге ұмтыламыз. Біз клиенттеріміздің мүдделеріне ерекше назар аударамыз.

Құрылған жыл: 1995 жыл.

Акционерлер:

  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (үлесі — 99,7544%)
  • «Halyk Finance» АҚ (үлесі — 0,0456%)
  • «Даму Инвест» ҚЗИҚ, АҚ Басқару компаниясы «Орда Капитал» Инвестициялық қоры (үлесі — 0,1985%)

Филиалды желісі: 17 филиал, 191 агенттік пункт

Лицензиялар: Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 2008 жылғы 21 тамызда берілген «жалпы сақтандыру» ссаласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына № 11–12/1 лицензиясы.

Марапаттар:

  • «Іскерлік Тәжірибедегі Жоғары Сапа үшін» медалі: «Бизнестегі жоғары сапа» Жетінші Халықаралық Форум, Женева қ., 2005ж.
  • «Қазақстандағы 2008 жылғы № 1 сақтандыру компаниясы»: «Қазақстандағы Жыл таңдауы» фестивалі, Қазақстан, 2008 жыл.;
  • «Best insurer in Kazakhstan» («Қазақстандағы ең күшті сақтандыру компаниясы»): компания «Euromoney» европалық аналитикалық журналымен танылды, 2009 жылғы сәуір.
    15 жылдық жұмыс тәжірибесінің ішінде «Казахинстрах» АҚ-мы көптеген клиенттер үшін сенімді және маңызды серіктес болды.

«Қазақстан Халық Банкінің „Halyk Finance“ еншілес ұйымы» АҚ (инвестициялық-банктік қызметі)

Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру бойынша кеңестік қызметтер, андеррайтингтік қызметтер, брокерлік қызметтер және инвестициялық портфелді басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ компанияның акциялары мен үлестерін сатып алу /сату бойынша кеңестік қызметтер көрсететін брокер-дилерлік компания.

«Halyk Finance» АҚ-мы («Halyk Finance») 2004 жылы құрылды және бағалы қағаздар рыногында брокер-дилерлік қызметті іске асырады, номиналды ұстаушы ретінде клиент шоттарын жүргізу құқығы бар, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарумен-де айналысады. Компания KASE айналымындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздардың; «Листингті емес бағалы қағаздар» секторында айналымға жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың және жекешелендірілетін кәсіпорындардың мемлекеттік акциялар пакетінің саудасына қатысуға құқығы бар «К», «Р» және «Н» категориялары бойынша «Қазақстандық Қор Биржасы» АҚ-ның (KASE) мүшесі болып табылады.

Бүгінгі күні «Halyk Finance» өз Клиенттеріне нақты инвестициялық стратегияларды жүзеге асыру үшін инвестициялық банктік қызметтердің толық кешенін ұсынады. Айтып өтетін жәйт, компанияның мықты талдамалы департаменті Клиенттеріміздің бағалы қағаздардың өтімділігін оларды орналастырудан кейін үнемі қолдау және жақсарту үшін Клиенттердің бизнесін терең талдамалы орын толтыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз Клиенттермен жұмыстың толық құпиялылығын қамтамасыз етеміз және ұзақ мерзімді қатынастар принципін ұстанамыз.

Идеялар Сіздің бизнесіңіздің қозғалтқышы болып табылады, ал «Halyk Finance» тобында Сіздің бизнес-идеяларыңызды жүзеге асыратын маңызды халықаралық тәжірибесі, халықаралық және қазақстандық қаржы қоғамдастықтарында бағалы байланыстары мен жақсы біліктілігі бар.

Қарастырылып отырған жобаларды кешенді бағалау кезінде «Halyk Finance» тобы қаржылық талдаудың озық әдістері мен қазіргі деректемелер базасын қолданады. Сіздің бизнесіңіздің құнын болашақта ұлғайту үшін халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарту арқылы қаржыландырудың оңтайлы құрылымын әзірлеуге көмектесеміз. Біз мұнай-газ индустриясында, тау-кен өнеркәсібінде, қаржы секторында, бөлшектеп сату сауда желісінде, телекоммуникация саласында және құрылыс /құрылыс материалдары мен жылжымайтын мүлік секторларында қызметтер көрсетуге дайынбыз.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер тізімінен басқа біз төмендегідей кеңестік қызметтер көрсетеміз:

  • Сіздің компанияңызға таладу жасау және Сіздердің акцияларыңыз бен қатысу үлестерін сату кезінде келіссөздер жүргізу
  • борыш талаптарын өзгерту
  • стратегиялық инвесторды немесе әріптесті тарту
  • салықтық оңтайландыру және
  • туынды өнімдерді пайдалану және хеджерлеу.

«Halyk Инкассация» ЖШС (инкассаторлық қызмет көрсету)

«Қазақстан Халық Банкінің „Halyk Инкассация“ еншілес ұйымы» ЖШС барлық қызығушылық білдірген тұлғаларға (заңды, жеке) еліміздің барлық аймақтары бойынша банкоматтарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау бойынша қызмет көрсетеді.

«Halyk Инкассация» ЖШС-нің қызметі ҚР Ұлттық Банкімен лицензияланған (ҚР Ұлттық Банкінің 2007 жылғы 09, ақпандағы № 7 лицензиясы). Банкоматтарды, монеталарды және құнды заттарды инкассациялау ЖШС-гі көрсететін жалғыз қызмет түрі.

«Halyk Инкассация» ЖШС-гі штат бойынша қызметкерлері 735 адам құрайтын ірі бизнестің субъектісі болып табылады. «Halyk Инкассация» ЖШС-нің активтері 1 640 млн. теңге-деңгейіне жетті, капиталы 2010 жылғы 01 маусымына 1054,5 млн. теңгені, ал жарғылық капитал 500 миллион теңге құрады.
«Halyk Инкассация» ЖШС-нің құрамында Алматы қаласында орналасқан Бас кеңсе, Ұшу инкассациялаудың басқармасы, Қалалық инкассациялаудың басқармасы, қазіргі кезде барлық облыстық, ірі және шағын қалаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша аудандық орталықтарындағы клиенттерге инкассациялық қызметтер ұсынып отырған 17 филиал мен 26 бөлімшесі бар.

«Halyk Инкассация» ЖШС-нің материалдық-техникалық базасы қазіргі заманғы талаптарға сай (байланыс құралдары, қару, амуниция (бронешлемдер, бронежилеттер) және т.б.). Құнды заттарды тасымалдау арнайы автокөлік арқылы (броньды автомобиль) жүзеге асырылады. Банк құрамында 1995 жылдан бастап, ал 2005 жылғы шілде айынан бастап жеке ұйым ретінде атқарған қызметі уақытында инкассация қызметі көпжылдық тәжірибе алып, өз клиенттерінің құрметі мен сеніміне ие болды.

2010 жылғы 01 маусымына «Halyk Инкассация» ЖШС-нің қызметін, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның филиалдық желісінен басқа, еліміздің барлық өңірлерінде 737 клиент пайдаланды.

«Halyk Инкассация» ЖШС жүргізетін инкассациялық операциялар «Казахинстрах» АҚ сақтандыру

компаниясында сақтандырылды. «Halyk Инкассация» ЖШС-ін таңдай отырып Сіз сенімділік пен майталмандықты таңдайсыз, клиенттеріміздің жетістіктері — біздің жетістіктеріміз.
«Halyk Инкассация» ЖШС-нің клиенттермен жұмыс жүргізудегі негізгі артықшылықтары:
еліміздің барлық өңірлерінде жоғары сапалы инкассациялық қызметтерді көрсету;
толығымен құпиялылықты қамтамасыз ету және әр Клиентке жеке көзқарас бөлу;
клиенттермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік қатынастар.

«Қазақстан Халық Банкінің „Халық-Life“ еншілес ұйымы» АҚ (өмірді сақтандыру)

«Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша „Халық-Life“ еншілес ұйымы» АҚ Алматы қаласы Әділет департаментінде 2005 жылғы 17 қарашада тіркелді.
2009 жылғы 10 шілдедегі 2.1.41 Лицензияға сәйкес «Халық-Life» АҚ сақтандырудың төмендегі жіктелімдері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырады:

  • өмірді сақтандыру;
  • аннуитетті сақтандыру;
  • өмірдегі белгілі бір уақиға болуына қатысты сақтандыру;
  • сақтандырушының инвестициялық кірісінде сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру;
    жазатайым уақиғалардан сақтандыру;
  • ауырған жағдайларда сақтандыру.

«НБК-Банк» ААҚ (банктік қызмет)

«НБК-Банк» ААҚ 1996 жылы ААҚ АКБ «Хлебный» деген атпен ашық акционерлік қоғам нысанында құрылды. Қызметтің басымды бағыты — экономика және тұрғын секторын кредиттеуді жүзеге асыру. Даму жолында бағдар ретінде жеке және корпоративті клиенттерге негізгі банктік қызметтер түрлерін көрсететін қазіргі әмбебап банкінің үлгісі таңдап алынды.

2004 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ банкінің акционерлерінің құрамына кірді, бұдан кейін банк дамуға жаңа мүмкіндіктер алып, «НБК-Банк» ААҚ болып өзгертілді. Қазіргі кезде «НБК-Банк» ААҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының экономикалық бірлесуіне белсенді қатысуда. Оның басты мақсаты — жоғары нәтижелі өнімдер мен қызметтер ұсынатын тез қарқынмен дамып жатқан бәсекеге қабілетті қаржылық институты болу.

«НБК-Финанс» ЖШҚ (инвестициялық қызмет)

ЖШҚ инвестициялық компаниясы 2006 жылы құрылды. Компания капиталдың нарықтарындағы қызметте мамандандырылады және клиенттерге мынадай қызметтерді ұсынады:

  • брокерлік қызмет көрсету;
  • дилерлік қызмет көрсету;
  • депозитарлық қызмет көрсету;
  • активтерді сенімгерлік басқару;
  • кеңестік қызмет көрсету.

«Қырғызстан Халық Банкі» ААҚ (Банктік қызмет)

«Қырғызстан Халық Банкі» ашық акционерлік қоғамы «Қайрат Банк» ААҚС-нің 100 пайыз акцияларын Қазақстан Республикасының банктік нарығының көш бастаушылардың бірі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мы сатып алғаннан кейін құрылды (Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта құру туралы 2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 076929 ГПР сериялы куәлік).

«Қырғызстан Халық Банкі» ААҚ депозиттер, кредиттеу, валюталық операциялар және бағалы қағаздармен операциялар бойынша қызметтер ұсыну лицензиясына ие. Халыққа, ұйымдар мен кәсіпорындарға, өкіметтік және өкіметтік емес мекемелерге банктік (қаржылық) қызметтерді ұсыну саласында табысты Банк болып табылады.

Банкте ұлттық және шетел валюталарында банктік операцияларды жүргізуге Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар.

«Қырғызстан Халық Банкі» ААҚ қызметінің түрі бойынша әмбебап банкінің статусына ие және өз қызметін № 044 және № 044/1 банктік лицензияларының негізінде жүргізеді. Банк клиенттеріне халықаралық есеп жүргізуде қызмет көрсету үшін Германия, АҚШ, Ресей және Қазақстанның ірі банктерімен корреспонденттік қатынастар орнатылды.

«Қырғызстан Халық Банкі» ААҚ S.W.I.F.T. қоғамдастығына мүше болған Қырғыз Республикасындағы алғашқы коммерциялық банк.

«Халық — Лизинг» АҚ (Лизингтік қызмет)

«Халық-Лизинг» АҚ Қазақстан Республикасындағы алғашқы лизинг компаниясы болып табылады, заңды тұлға ретінде ҚР-ның Әділет министрлігінде 2000 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелді. Компанияның жалғыз акционері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып отыр.

«Халық-Лизинг» АҚ айналысатын негізгі қызмет түрі — арнаулы техниканы, оның ішінде құрылысқа қажетті ауыр және өзге техниканы, жол жөндеу-құрылыс техникасын, өндірістік құрал-жабдықты, мұнай саласының, тау-кен өндірісінің техникасын, ауыл шаруашылық техникасы мен құрал-жабдығын, жүктер мен жолаушылар тасымалдау үшін коммерциялық көлік құралдарын сатып алу және қаржылық лизингке беру.

Қазақстан Республикасында бизнесті қаржыландыру бойынша мол тәжірибесі бар «Халық-Лизинг» АҚ түрлі бизнес-жобаларын жүзеге асыруда сенімді серіктес бола алады.

«Қазтелепорт» АҚ (Телекоммуникациялық қызметтер көрсету)

«Қазтелепорт» АҚ ҚР-ның Әділет министрлігінде, Алматы қ-да тіркелген, заңды тұлғаны жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында бастапқы мемлекеттік тіркеу туралы 1999 жылғы 10 қарашада № 29486-1910-АО куәлік берілген, одан кейін компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта тіркеу жүргізілді. «Қазтелепорт» АҚ-ның жалғыз құрылтайшысы әрі акционері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: банктерге Қазақстан Республикасы аумағында телекоммуникациялық қызмет көрсету, төлем карточкасын пайдалану арқылы процессинг қызметін ұсыну.

HSBK (Europe) B.V. (Халықаралық қаржы нарықтарында еврооблигацияларды шығару және орналастыру)

Халықаралық қаржы нарығынан сыртқы қарыздар тарту құралы ретінде 1998 жылы Нидерландыда арнайы құрылған HSBK (Europe) B.V. компаниясы.

«Halyk Capital» АҚ (Брокер-дилерлік, Алматы қ. өңірлік қаржы орталығының қатысушысы)

«Halyk Capital» АҚ Қазақстан Халық Банкінің 100%-дық үлесі бар еншілес ұйымы болып табылады. Компанияның айналысатын қызметі — брокерлік-дилерлік, өз қызметін Алматы қаласындағы Өңірлік қаржылық орталықтың арнайы сауда алаңында жүргізеді. 2006 жылдың 14 қарашасында құрылған.

«Халық Банк- Грузия» АҚ (Банктік қызмет)

Қазақстан Халық Банкінің «Халық Банк — Грузия» АҚ еншілес ұйымы Грузия Республикасының резиденті болып табылады және банк қызметімен айналысады.

 

© 2007–2010 Halyk Group. Барлық құқықтар қорғалған